«Терманик» индукциялық-кондукциялық (индукциялық) электр қыздырғыш – кәсіпорынның өндірістік желісіндегі базалық қыздырғыш. Бұл қыздырғыш барлық шығарылатын қалған бұйымдардың құрамына кіретінін білдіреді: «Терманик Комплекс», «Терманик Бойлер» және басқа да бұйымдар «Терманик» қыздырғыш базасында шығарылады және өзара жиынтықтаумен және басқару жүйесімен ерекшеленеді.
«ТермоТех» ҒӨК жасап шығаратын жабдықтарды пайдаланудың және тұтынудың жоғары сипаттамалары «Термотех» базалық қыздырғышының қасиеттерімен және де сипаттамаларымен шарттастырылады.
Алайда, жабдықтар жинақталмаған қалпында өте сирек жеткізіледі: оған қосымша жабдықты (сорғылар, бекіту-реттеу арматурасы, жылу алмастырғыштар және басқалар) өндіріп шығарушы зауыттың өзі таңдаған жөн болады. Бұл жабдық жиынтығының сенімділігін арттырып қана қоймай, қажетті жиынтықтарды іздеу мен орнатуға уақыт пен күш жұмсайтын сапсырыс берушінің мүдделеріне сәйкес жауап береді.
Осылайша, «Терманик» қыздырғышы 70-220°с дейін қыздыру температурасымен сұйық жылу тасымалдағышты қыздырумен байланысты кез келген міндеттерді орындау үшін түрлендіруге болатын әмбебап базалық бұйым болып қала береді.